Коронавирусқа байланысты Қытайдың бір қаласына локдаун енгізілді

Коронавирусқа байланысты Қытайдың бір қаласына локдаун енгізілді

11 миллион тұрғыны бар Қытайдың Шицзячжуан қаласында коронавирустың 120 жағдайы анықталғаннан кейін локдаун мен әскери жағдай енгізілді.

Инфекцияның 120 адамнан анықталуы – соңғы бес айда алғаш рет тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Қалада мектептер мен тұрғын үй кешендері, қалаға кіретін жолдар жабылды, сондай-ақ пошта арқылы жеткізу үш күнге тоқтатылды. Сонымен қатар Шицзячжуанда 5000 жаппай тестілеу орталығы ашылды.

Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы директорының орынбасары Фэн Цзыцзяньның айтуынша, коронавирустың өршуіне Қытайға Еуропадан коронавирустың жаңа штамының әкелінуі себеп болуы мүмкін.