Аргентинада 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды

Аргентинада 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды

Аргентинаның Жужуй провинциясында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды.

Жерасты дүмпулері сағат 3:54-те тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Сан-Антонио-де-лос-Кобрес қаласынан 44 шақырым жерде орналасқан. Ал ошағы 185 шақырым тереңдікте.

Мерт болғандар мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.