Моңғолияда қуатты жер сілкінісі болды

Моңғолияда қуатты жер сілкінісі болды

12 қаңтарға қараған түні Моңғолияның Ресеймен шекаралас аймағында 6,5 магнитудалы жер сілкінісі болды.

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Ресей Федерациясының Иркутск облысының Ангарск қаласынан 277 км қашықтықта, Хубсугул көлінде орналасқан. Жер асты дүмпулерінің ошағы 10 км тереңдікте болған.

Ал Иркутскіде 4-5 баллдық дүмпулер сезілген.