Чилиде халық ковид вакцинасының екінші дозасын қабылдады

Чилиде халық ковид вакцинасының екінші дозасын қабылдады

Латын Америкасында коронавирустан көп зардап шеккен елдің бірі Чилиде халыққа жұқпалы дертке қарсы екпенің екінші дозасы салына бастады.

Оны алдымен дәрігерлер қабылдайды. Содан кейін егде адамдар мен қарттар үйінде тұрып жатқан азаматтар егілмек. Осы мақсатта Чилиге 89 мыңдай доза вакцина жеткізілді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазірге дейін вакцинаның алғашқы дозасын 10 мыңнан аса медицина қызметкері алған. Ал Чилиде соңғы бір аптада вирусты жұқтырғандар саны қайта күрт өскен. Жалпы бұл елде дертке шалдыққандар қарасы 656 мыңнан асады. 17 мыңнан астам адам көз жұмған.

Адриан Ариас, дәрігер:

- Мен әріптестерімнің бәрін коронавирусқа қарсы екпе салдыруға шақырамын. Пандемияның аяқталуы бізге байланысты. Бұл індеттің таралуына тосқауыл қоятын ең маңызды қадам, осы вакцина дер едім.