Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті

Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті
Eurasia Today

Садыр Жапаров премьер-министрлікті тапсырып, үкімет те отставкаға кетті.

Бұл туралы Қырғызстан президенті аппаратының жетекшісі Сүйінбек Касмамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg.

«Үкімет толығымен отставкаға кетті. Бірақ олар үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болады», – деді Касмамбетов.

Айта кетейік, 5-6 қазандағы оқиғалардан кейін Қырғызстанда жаңа үкімет жасақталып, оған Садыр Жапаров жетекшілік етіп келді. Дегенмен ол президенттік сайлауда жеңіске жеткендіктен, оның өкілеті тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетейік, Жапаров президенттік сайлаудың бірінші турында 79,2% дауыс жинады.