Англия мен Уэльсте дауылдан мыңдаған адам эвакуацияланды

Англия мен Уэльсте дауылдан мыңдаған адам эвакуацияланды

Англия мен Уэльсте «Кристоф» дауылы ойран салып, су тасқыны басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан Манчестердегі екі мыңға жуық баспана су астында қалды. Аймақтың көше жолдары да бүлінген. Апаттан зардап шеккен аудан тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланып жатыр. Елде жарияланған қатаң локдаун жағдайды қиындатып отыр. Мәселен халықтың өзге өңірге баратын мүмкіндігі болмай тұр. Кейбіреулеріне спорттық орталықтар мен шіркеулерді паналауға тура келді. Ұлыбритания премьер-мнистрі Борис Джонсон болса Үкіметтің пандемияға да, су тасқынына да дайын екенін мәлімдеді.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:

- Халыққа оңай соққан жоқ. Көбі баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Үкімет қолдан келгенше көмек беруге әзір. Оған шамамыз жетеді.