Мозамбикте «Элоиза» дауылы соқты

Мозамбикте «Элоиза» дауылы соқты

Мозамбиктің орталық аймағына «Элоиза» дауылы жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екпіні сағатына 200 шақырымға жеткен күшті жел жауын-шашын ала келді. Өңірдегі өзендер арнасынан асып, елдімекендерді шайып жатыр. Ел билігі қазірден дабыл қағуда. Жергілікті тұрғындар да қатты үрейлі. Себебі алдыңғы жылы осындай дүлей дауыл соғып, Мозамбик қана емес, көршілес Малави және Зимбабведе мыңнан астам адам ажал құшқан болатын. Бұдан басқа, тасқыннан егіс алқаптары жойылып, қарапайым халық азық-түлік тапшылығына ұрынған еді.