Қытайда жер астында қамалып қалған 22 кеншінің біреуі құтқарылды

Қытайда жер астында 2 апта қамалып қалған 22 кеншінің алғашқысы құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құтқарылған кенші әзірге өзін өте әлсіз сезінеді. Алтын кеніндегі жарылыс 10 қаңтарда болып, шығар есігі жабылып, 22 жұмысшы қамалып қалған еді. Құтқарушылар оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жіберуде. Биліктің мәлімдеуінше, құтқару жұмысына әлі бірнеше апта кетуі мүмкін.