Бүгін таңертең алғашқы жұмысшы жер бетіне шығарылған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бір жұмысшы жарақат алған. Тағы бір кенші көз жұмды деген ақпарат бар. Бірақ әзірге қаралы хабар ресми расталған жоқ. Алтын кеніндегі жарылыс 10 қаңтарда болып, шығар есігі жабылып, 22 жұмысшы қамалып қалған еді. Қазір қалған кеншілерді алып шығу үшін 633 адам апат орнында жұмыс істеп жатыр.
Қытайда жер астында қамалып қалған 22 кеншінің біреуі құтқарылды