Жаңа Зеландияда екі айда бір адам ғана коронавирус жұқтырған

56 жастағы әйел жақында Еуропаға барып келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Содан кейін 2 рет тест алынып, коронавирус анықталған соң оқшаулау орталығына жатқызылды. Жаңа Зеландияда індет соңғы рет 21 қарашада анықталған еді. 

Крис Хипкинс, Жаңа Зеландияның COVID-19-ға жауапты министрі:

– Науқастың коронавирустың қандай штамына шалдыққаны әзірге белгісіз. Онымен араласқан басқа адамдардан да тест алынып, барлығы карантинге жабылды. Бүкіл ел бойынша дабыл қағуға әлі ертерек. Бірақ халыққа тиісті ақпаратты жедел жеткізіп отырамыз. Тұрғындарға айтар өтінішім, денсаулығыңыздан кінәрат шығып, өзіңізді жайсыз сезіне бастасаңыз, тез арада тест тапсырып, нәтижесі белгілі болғанша үйде отырыңыз.