Сирияда екі бірдей жарылыстан 12 адам мерт болды

Сирияда екі бірдей жарылыстан 12 адам мерт болды

Сирияның бірнеше қаласында болған екі бірдей жарылыстан 12 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның алтауы бейбіт тұрғын болса, қалғандары оппозиция күштерінің өкілдері. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Азаз бен Әль-баб елді мекендерінде жарылғыш зат орнатылған 2 автокөліктің күлі көкке ұшқан. Марқұмдардың арасында бала бар. Жойқын жарылыстарға қатысты жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, қаңтар айынан бастап Сирияның солтүстік басытында осымен 11 мәрте жарылыс ұйымдастырылған екен.