АҚШ-та белгісіз біреу сауда орталығында адамдарға оқ жаудырды

АҚШ-та белгісіз біреу сауда орталығында адамдарға оқ жаудырды

АҚШ-тың Висконсин штатында белгісіз біреу сауда орталығында атыс ашып, бір адамды мерт қылды. Тағы бір тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Эпплтон қаласының маңында болған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жан-жағына бей-берекет оқ жаудырған қаскөй оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Қазір оны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

куәгер:

– Қызмет көрсету саласында жұмыс істеймін. Атыс дыбыстары естілгенде халық не істерін білмей қалды. Кішкентай балалары бар адамдарды жуынатын бөлмеге кіргізіп, есігін жауып тастадым. Қатты қорқып қалдық. Әлі де өз өзіме келе алмай отырмын.