Токиода төтенше жағдай мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Токиода төтенше жағдай мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Жапонияның Токио мен тағы бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимінің мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел премьер-министрі Ёсихидэ Суганың айтуынша, коронавирус індетіне шалдыққан жаңа науқастардың саны әлі де болса жеткілікті деңгейге  қысқарған жоқ. Сол себепті жергілікті билік қосымша шараларды енгізу мәселесін қарастырып жатыр.

Айта кетейік, Жапонияда жаппай екпе егу науқаны ақпан айына жоспарланған еді. Алайда вакцинация науқанына жауапты министр Таро Коно иммунизация бағдарламасы кейінге шегерілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Оған фармацефтикалық компаниялардың уақытылы тиісті көлемде препаратты жеткізе алмауы себеп болып отыр.