WSJ: ДДСҰ сарапшылары індеттің желтоқсаннан ертерек шыққанын айтады

WSJ: ДДСҰ сарапшылары індеттің желтоқсаннан ертерек шыққанын айтады

Қытайда коронавирус індеті 2019 жылдың желтоқсан айында емес, одан ертерек таралған болуы мүмкін.

Америкалық The Wall Street Journal газеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларына сүйеніп, осылай деп хабарлады. Ақпарға қарағанда, 2019 жылдың қазан айында Қытайдың орталық бөлігінде 90-ға жуық адам COVID-19 белгілеріне ұқсас диагнозбен ауруханаға жатқызылған. Бірақ тестілер олардың коронавирусқа шалдықққанын көрсетпеген. Дегенмен, ұйым сарапшылары сол кезде науқастардан жиналған қандарды қайта сараптауға шақырып отыр.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары қаңтардың 14-інен бастап бір ай бойы COVID-19 алғаш тіркелген Ухань қаласында зерттеу жұмыстарын жүргізген.