Нигерияда ұшақ апатынан 7 әскери қаза тапты

Нигерияда ұшақ апатынан 7 әскери қаза тапты

Нигерия астанасы Абуджи қаласындағы халықаралық әуежай маңында да әскери ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апаттан әуе көлігінің бортында болған 7 әскери қайтыс болды. Айтылған деректерге сүйесек, ұшақ Нигер штатының Минна қаласына баруы тиіс екен. Елдің авиация министрінің хабарлауынша, апатқа қозғалтқыштың істен шығуы себеп болды. Ұшақ құлағаннан кейін толық жанып кеткен. Қазір апат орны қоршауға алынды, өкілетті мамандар тергеу-тексеру жұмысын жүргізуде.

Алаба Лоуал, жергілікті тұрғын:

- Ұшақтың құлағаны көз алдымда болды. Ұшқыштың барынша тырысқанын көрдім. Әуежайға қайта оралғысы келгенін түсіндім. Кейін көлігін халық тұрмайтын жаққа қарай ұшырды. Құлаған соң ұшақ жанып кетті.