Италияда карантин 27 наурызға дейін ұзартылды

Италияда карантин 27 наурызға дейін ұзартылды

Италия билігі аймақтар арасындағы жүріс-тұрыс шектеулерін 27 наурызға дейін ұзартты.

Негізі коменданттық сағат 5 наурызда аяқталуға тиіс еді. Бірақ елдегі індетке байланысты жағдай әлі жақсармай тұр.

Ресми дерек бойынша күніне жүздеген адам коронавирустан көз жұмады. Бір жағынан, британдық штамды жұқтырғандар саны артып барады. Карантин кезінде жұмыс пен денсаулыққа байланысты немесе басқа дәлелді себебі бар тұрғындар ғана жолға шыға алады.

Айта кетейік, Италия өлім-жітім бойынша Еуропада Британиядан кейін екінші, ал әлемде 7-орында тұр.

Францеско Ди Донато, жергілікті тұрғын:

- Күнделікті өмірімізде түрлі қиындықтар туып жатыр. Соларға да жеткілікті көңіл бөлінсе деймін. Індеттен тезірек құтылуымыз үшін бір орында тұрмай, алға қарай жылжи беруіміз керек. Бірақ шектеулердің әлі біразға созылатын түрі бар.