АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандардың құрметіне орай аза тұту күні жарияланды

АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандардың құрметіне орай аза тұту күні жарияланды

АҚШ-та COVID-19 індетінен қаза тапқандардың жалпы саны 500 мыңнан асты. Бұл – Джонс Хопкинс университетінің мәліметі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пандемия басталғалы қауіпті дертке шалдыққандардың саны 28 млн-нан асқан. АҚШ президенті Джо Байден коронавирустан көз жұмған жандардың құрметіне орай дүйсенбі күні аза тұту күнін жариялады. Осыған орай алдағы 5 күн бойы елде мемлекеттік тулар төмен түсіріледі.

Естеріңізге салайық, Құрама штаттары әлем елдері бойынша ең қатты зардап шеккен елдердің қатарында.

Джо Байден, АҚШ президенті:

- Пандемия басталғалы 500 мыңнан астам адам вирустың құрбаны болды. Бұл Бірінші дүниежүзілік соғыс, Екінші дүниежүзілік соғыс пен Вьетнамдағы соғыстардан келген адам шығынынан да көп. Індетпен күрес жұмыстарына қарамасқан қауіпті вирус әлі де өршіп тұр. Және кісі шығыны да тоқтаған жоқ. Десе де, біз күресе береміз. Түбін үзбей, тоқтау жоқ.