SpaceX: қатерлі ісікті жеңіп шыққан американдық бойжеткен ғарышқа аттанады

Сүйек қатерлі ісігінен айығып шыққан 29 жастағы американдық Хейли Арсено Inspiration 4 от SpaceX миссиясы аясында ғарышқа аттанатын алғашқы азаматтық ұшу командасының бірінші туристі атанды.

Бұл туралы Мемфистегі Сент-Джуд балалар зерттеу госпиталі хабарлады, деп жазады BBC.

Арсено Жер орбитасына аттанатын ең жас адам атанбақ.

«Өмірімдегі ең үлкен құпияны бір жарым ай сақтап келдім. Енді әлеммен бөліссем болады. Бұл миссия көп адамдарды алға жетелейді, сенім сыйлайды деп ойлаймын», – деді ол.

Арсено 10 жаста болғанда, оның сүйек қатерлі ісігіне шалдыққаны расталған. Содан бері ол Сент-Джуд ауруханасында ем қабылдап келіпті. Бойжеткенге химиятерапия және сүйек ауыстыру бойынша бірнеше операция жасалған.

Арсено – осындай жарақатпен ғарышқа жіберілетін де тұңғыш адам.

Қыз баланың жол шығындарын Shift4 Payments компаниясының бас директоры Джаред Айзекман өтеп қойған. Ол тағы екі адамның шығындарын да өз мойнына алған. Ал олардың есімі 28 ақпан күні аяқталатын байқау нәтижесінде белгілі болады.

Бұған дейін SpaceX биыл ғарыш туристерін орбитаға ұшыратынын хабарлағанбыз. Ал оның құны 10 долларды құрайды айтылған.