Facebook Австралиядағы желі қызметін қалпына келтіретін болды

Facebook компаниясы Австралиядағы өзінің әлеуметтік желі қызметін қалпына келтіруге келісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, жергілікті үкімет бірлестіктің наразылығын тудырған бұқаралық ақпарат құралдары үшін цифрлық платформалармен келіссөз жүргізу туралы кодексті қайта қарайтынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, ақпанның 18-і күні Канберра осы кодексі енгізетінін жариялап, Facebook Австралияның барлық тұтынушылары үшін жергілікті және халықаралық жаңалықтарды қарап тарататын қызметті өшіріп тастаған. Өйткені заң жобасында технологиялық компаниялардың өз желісінде жергілікті БАҚ жаңалықтарын жариялағаны үшін ақы төлеуі қарастырылған еді.