Гвинеяда Эболаға қарсы вакциналау басталды

Гвинеяда Эболаға қарсы вакциналау басталды

Елде аталған індет 5 жылдан кейін 14 ақпанда алғаш рет 8 жағдай тіркелген еді. 4 науқас қайтыс болып, қалғаны оқшауланды.

Қазір бірінші кезекте медицина қызметкерлері жаппай екпе салдырып жатыр. Сондай-ақ ауруға шалдыққандар мен олармен жақын байланыста болған тұрғындар да егілуде. Естеріңізге сала кетейік, 2013-2016 жылдары Гвинея, Либерия және Сьерра-Леоне елдерінде Эбола таралып, 11 мың 300 адам қырылған болатын.

Саа Йола Толно, Нзерекоре аймағының басшысы:

- Барлық адам өз еркімен келіп, екпе салдыруы керек. Себебі үкімет те, тұрғындар да осы індеттің алдын алуға бар күшін салып отыр.