Бразилияда су тасқынынан 100 мың адам зардап шекті

Бразилияның солтүстік-батысындағы Акко штатында су тасқынынан 100 мың адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақтағы өзен арнасынан тасып кеткен. Салдарынан жақын маңдағы елді мекендер мен штат астанасы Риу-Бранкодағы барлық ғимараттар топан су астында қалды. Қазір тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Ел президенті Жаир Болсонару табиғат апатынан зардап шеккен өңірді аралап, аймақта төтенше жағдай режимін жариялады. Мамандар апаттан келген шығынды есептеуге кірісті.