АҚШ-та шағын ұшақ апатынан үш адам қаза тапты
Джорджия штатында шағын ұшақ апатынан үш адам қаза тапты.
Бұл туралы WSB-TV арнасы хабарлады.
Авиакөлік Флориданы бетке алған. Бірақ Гейнсвилл қаласынан аспанға көтеріле бергенде бірден құлаған.
Ұшақ құлаған жерге жанармай төгіліп, айналадағы халық эвакуацияланды.
Аударған: Г.Абилова