Мексикада содырлардың шабуылынан 11 адам қаза тапты

Мексикада содырлардың шабуылынан 11 адам қаза тапты

Мексиканың батысындағы Тонала қаласында қарулы адамдардың шабуылынан 11 адам қаза тауып, тағы екеуі жараланды, деп хабарлады Синьхуа.

Мәліметтер бойынша, қарулы топ көпқабатты үйдің алдына өтіп бара жатқан адамдарға оқ атқан. Одан соң олар оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты тергеуді бастап кетті. Шабуыл құрбандарын анықтау жұмыстары жүргізілуде.