Дубайдан келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

27 ақпанда Дубай – Алматы рейсімен келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте елге 23 халықаралық әуе рейспен 3210 жолаушы келді. Оның 729-ында ПТР-анықтама болмаған. Енді олар арнайы стационарға жеткізіліп, сынама тапсырады.