Суданда мысықтың кесірінен ұшақ апаттық жағдайда қонды

Суданда ұшақ экипажы мысықтың кесірінен жерге шұғыл қондыруға мәжбүр болды.

Ұшақ Хартум әуежайынан шығып, Дохаға бет алған. Ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін жарты сағат өткен соң бортта мысықтың бар екені белгілі болды.

Мысық ұшқыштардың ұшақты басқаруына кедергі келтірген, деп хабарлады Alsudaninews.

Сондықтан әуежайға қайта оралу туралы шешім қабылданды.