Қытай аппараты Марстың фотосуреттерін жіберді

Қытай өзінің ғарыш аппаратының Марстың жер бедерін түсірген алғашқы фотосуреттерін жариялады. Зонд оларды 350 шақырымдай биіктен түсірген.

Фотолардан қызыл ғаламшардың бедері - ірі кратерлер, жоталар, құмды төбелер анық көрінеді.

Айта кетейік, Қытайдың «Тяньвэнь-1» ғарыш аппараты Марс орбитасына өткен айдың ортасына таяу уақытта кірген. Зонд қызыл ғаламшарға мамыр-маусым айларында қонбақ. Миссияның басты мақсаты - Марста тіршілік көзін іздеп,  адамдардың ғаламшарға қоныстану мүмкіндігін іздеу.

Ли Чуньлай, Қытай Марсты зерттеу миссиясы бас инженерінің орынбасары:

- Мына суретте Марстың 5 мың шақырымдай қашықтағы аумағы түсірілген. Бұл ғаламшардың солтүстік полярлық төбесіндегі тұсы. Мына ирелеңдеген бедерлер жылдар бойы құмды дауылдардың соғуынан түзілсе керек. Себебі ғаламшарда құмды дауыл жиі соғады. Яғни біз енді осы жерлерде олардың қалай пайда болатынын зерттей аламыз.