Жер бетіндегі тропикалық ормандардың үштен екісі жойылып кеткен

Жер бетіндегі тропикалық ормандардың үштен екісі жойылып кеткен

Rainforest Foundation Norway мамандары осындай ақпарат жариялады.

Тек 2019 жылдың өзінде оталған орман шығыны соңғы жиырма жылдықтағы көрсеткіштен асып түскен. Оның жартысынан астамы Жер планетасының өкпесі саналатын Амазонияның үлесінде екен. Осыған байланысты экологтар дабыл қағып отыр. Жасыл желекті қорғаушылардың сөзінше, мұндай жағдай климаттың өзгеруіне кері әсер етіп, жаһандық жылынуға әкеледі.