Аляска штатында АҚШ пен мен ҚХР-дың жоғары лауазымды өкілдері кездесті

Аляска штатында АҚШ пен мен ҚХР-дың жоғары лауазымды өкілдері кездесті

АҚШ-тың Аляска штатында Америка мен Қытайдың жоғары лауазымды өкілдері кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қытай тарапынан делегацияны Сыртқы істер министрі Ван И, ал Құрама Штаттар жағынан мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен бастап келді. Екіжақты келіссөздер өте күрделі өтті. Кездесу басталмай жатып тараптар бірден бір-бірін айыптауға көшкен.

Ян Цзечи, ҚХР СІМ өкілі:

- Халықтың көптігі мен даму көрсеткішіне ғана қарап, батыстың бүкіл әлем үшін сөйлей алмайтынын білеміз. Сол сияқты Америка да осындай дүниелерді айтқанда өзін жайлы сезінеді деуге келмейді. Себебі АҚШ үкіметі тек Құрама Штаттардың көзқарасын ғана білдіруі тиіс.

Энтони Блинкен, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:

- Менің естігенім, сіздер айтқан нәрседен мүлдем өзгеше. Яғни мен Құрама Штаттардың өз одақтастары және серіктестерімен қайтадан ынтамақтастық орната бастағанына көптің көңілі толып жатқанын естимін.

Қалай болғанда да екі сағаттан астам уақытқа созылған келіссөздер соңында Қытай мен АҚШ өзара тиімді серіктестікті ары қарай дамытып, қандай да бір шиеленісті болдырмауға келісті.