Суэц каналында алып кеме қайранға тұрып қалды

Египеттегі Суэц каналында контейнер тасымалдайтын алып кеме қайранға тұрып қалды. Мұның салдарынан Африкадан Еуропа мен АҚШ-қа мұнай таситын сауда жолында жүздеген кеме кептеліске тап болды.

«Блумберг» агенттігінің хабарлауынша, Қытайдан Нидерландқа бара жатқан кемені жел айдап, жағаға шығарып тастаған.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, экипаж мүшелері дін аман және қоршаған ортаға да еш зиян келмеген. Мамандар кемені қайраннан алып шығу операциясы 2 күнге созылатынын айтты.