Египеттегі теміржол апатына қаскөйлердің әрекеті себеп болған

Египеттегі теміржол апатына қаскөйлердің әрекеті себеп болған

Мысырдағы теміржол апатының алдын ала болжам бойынша себебі анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгісіз біреулер пойыздардың біріндегі стоп-кранды басып жіберген болуы мүмкін. Салдарынан көлік шұғыл тоқтап, артынан келе жатқан екінші пойыз соғылған. Оқыс оқиға кеше болған. Соңғы деректер бойынша, 32 адам көз жұмып, 160-тан астамы жараланған. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады.

Президент қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, өтемақы төленетінін жеткізді. Апатқа қатысты тергеумен айналысу үшін техникалық комиссия құрылған. Екі пойыздың машинисті қазір қамауда отыр. Сарапшылар Мысырдағы теміржолдардың ескіріп, сапасы сын көтермейтінін айтады. Салдарынан осыған ұқсас оқиғалар жиілеп кеткен. Мәселен, 2017 жылы елде бір жарым мыңнан аса теміржол апаты тіркелген екен.