Өзбекстан 2023 жылы латын қарпіне толықтай көшеді

Өзбекстан 2023 жылы латын қарпіне толықтай көшеді

Латын әліпбиімен 28 жыл әлек болған Өзбекстан латын қарпіне толық көшу процесін кезең-кезеңімен жүргізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде іргедегі ағайын әлі күнге дейін қос алфавитті пайдаланып келе жатыр. Латын әліпбиі қолданысқа толықтай еніп кетуі үшін Үкімет жол картасын әзірлеген. Оған сәйкес жеке куәліктер 2022 жылдың басынан, ресми веб-сайттар, іс қағаздарын жүргізу, көшелер мен мекеме атаулары, жарнамалар мен хабарландырулар, бұқаралық ақпарат құралдары 2022 жылдың желтоқан айынан латынға көшеді.

Абдугаппар Қырғызбаев, Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі департамент директоры:

- Өзбекстан латын қарпіне толықтай 2023 жылдың бірінші қаңтарынан бастап көшеді. Бұл процесс бізде кезең-кезеңімен жүреді. Біздің ғалымдар бекіткен емле ереже бойынша алфавитте 26 әріп, 3 диграф пен 1 апостроф бар. 2023 жылға дейін бұл әліпби қатты өзгере қоймас деп ойлаймын.