Лувр мұражайы өнер туындыларын сайтына шығарды

Лувр мұражайы өнер туындыларын сайтына шығарды

Атақты Лувр мұражайы өзінің барлық жинағын, яғни 482 мың өнер туындысын цифрландырып, оларды сайтына жариялады.

Онлайн мұрағат үнемі жаңартылып, кеңейтіліп отырмақ.

«Өнер туындыларына кез келген адам компьютер немесе смартфон арқылы ақысыз түрде қолжеткізе алады. Бұл әдіс адамдарды Луврға келуге және коллекциялармен жеке танысуға одан әрі ынталандыратынына сенімдімін», - деді музей президенті Жан-Люк Мартинес.

Мұражай сайтында Луврға қойылған жұмыстар ғана емес, сонымен қатар уақытша пайдалануға немесе сақтауқа алынған өнер туындылары да бар.

Сонымен қатар интерактивті картаның көмегімен мұражайды үйден шықпай-ақ аралауға болады.

Айта кетсек, қазіргі уақытта мұражай келушілер үшін жабық тұр.