Францияда мұғалімдер мектептерді жабуды сұрап отыр

Францияда мұғалімдер мектептерді жабуды сұрап отыр

Францияда мұғалімдер кәсіподағы білім беру министрінің үстінен арыз жазды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар өздерінің амандығы үшін алаңдайтынын айтады. Өйткені мұғалімдер кәсіподағы білім беру мекемелерін жабуды сұрап отыр. Себебі оқушылар арасында коронавирусты жұқтыру күрт артып кеткен еді. Бұған дейін талап бойынша егер 3 оқушыда вирус анықталса, бүкіл сынып карантинге жіберілетін. Бірақ билік бұл ережені өзгертті. Енді бір бала індет жұқтырса, сол сыныптағы оқушылардың барлығы үйде қалады.

Элен Давио, мұғалім:

- Бір жылда біздің мектепте 20 ата-ана коронавирустан көз жұмды. Қазір 17 сынып карантинде. Өткен аптада 160 оқушы сабаққа қатыспады. Өйткені өздері вирус жұқтырған не науқаспен қарым-қатынаста болған. Сондықтан біз биліктен қашықтан оқуға көшіруді сұрап отырмыз.