Исландияда жанартау оянып, жүздеген турист шұғыл көшірілді

Исландияда жанартау оянып, жүздеген турист шұғыл көшірілді

Исландияда Фаградалсфьядль жанартауы қайтадан оянды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лаваның жаңа көзі бастапқы атқылаған орыннан 500 метр жерде пайда болған. Құтқарушылар жанартауды тамашалауға келген жүздеген туристті шұғыл қауіпсіз жерге көшірді. Жергілікті билік «әзірге жақын маңдағы елдімекендер үшін анық қауіп жоқ» дейді.

Естеріңізге сала кетейік, Фаградалсфьядль жанартауы 20 наурызда 800 жылдағы тыныштықтан кейін қайта атқылай бастаған болатын.

Браги, құтқарушы:

- Таңертең маған «жанартау оянды» деген хабар келді. От-жалын барған сайын күшейіп барады. Барлық туристерді шұғыл қауіпсіз жерге көшірдік. Жағдай тұрақталғанша, күте тұрамыз.