Үндістанда соңғы тәулікте 116 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

Екі күн бұрын да көрсеткіш 100 мыңнан жоғары болатын.

Мұнда вирустың қос мутациясы анықталған. Денсаулық сақтау министрі алдағы 4 апта індетпен күрес үшін маңызды кезең екенін айтады. Сол себепті билік тұрғындардан сақтық ережелеріне жауапкершілікпен қарауын сұрап отыр. Жалпы кейінгі кезде көпшілік сақтық шараларын да елемейтін болған. Елде 3 жарым миллионға жуық адамға екпе салынды. Сөйтіп бүгінге дейін препаратты 87 миллионнан аса тұрғын алған.

Винод Кумар Пол, Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің өкілі:

– Ауру деңгейі күрт артып кеткенін бәріміз де көріп отырмыз. Вирус былтырмен салыстырғанда, тез тарап барады. Сондықтан сақтыққа салғырт қарамау керек. Алдағы ай вируспен күрестегі шешуші кезең болмақ.