Мексикадағы мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Мексикада мұнай өңдеу зауытында жарылыстар болып, соңы өртке ұласты.

Куәгерлердің айтуынша, 6 бірдей жарылыс болған. Бейнежазбаны жергілікті тұрғындар түсірген. Бұл кәсіпорын мемлекеттік мұнай өңдеуші «Пемекс» компаниясына тиесілі. Қазір өрт ауыздықталды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Оттың шығуы себебі әзірге белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.