Аргентинада коронавирустың екінші толқыны өршіп барады

Үкімет індеттің таралуын шектеу үшін карантин енгізуге мәжбүр.

Өйткені соңғы 2 күнде 20 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Жаңа ережелер бойынша, туристік сапарларға, жабық ғимаратта спортпен айналысуға, 20-дан көп адамның жиналуына, сондай-ақ мейрамханалардың жұмыс істеуіне тыйым салынды. Бұдан басқа, түннен таңсәріге дейін коменданттық сағат енгізілді. Бұл шектеулер кемінде 3 аптаға дейін күшінде болады.

Альберто Фернандес, Аргентина президенті:

– Метро арқылы өте қажетті сала қызметкерлері ғана жүре алады. Бірақ білім беру мекемелеріндегі сабақ тоқтатылмайды. Тек сақтық шараларын қатаң ұстану қажет. Біз тек осындай шектеулермен ғана вирустың таралуын ауыздықтай аламыз.