Чилиде Қытай-Канада бірлесіп шығарған вакцинаны шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат етілді

Бұл – осы елде ресми пайдалануға рұқсат етілген үшінші екпе.

Жаңа вакцинаны 18 және 60 жас аралығындағы адамдарға салуға рұқсат. Препараттың өзі бір-ақ рет егіледі. Оның коронавирусқа қарсы қорғанышы 65,7 процентті құрайды. Ағзада вирусқа қарсы иммун екпе салынған соң 28 күннен кейін қалыптасады екен. Еске сала кетейік, Чилиде індетті жұқтырғандар саны 1 миллионнан асқан.

Себастьян Пиньера, Чили президенті:

– Еліміздің қоғамдық денсаулық сақтау институты бүгін Қытай-Канада бірлесітігінің вакцинасын шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат берді. Оның клининикалық сынақтары елімізде және өзге де мемлекеттерде жүргізілген. Бұл екпенің артқышылығы – ол адамға бір-ақ рет салынады. Жаңа екпе халықты жаппай вакциналауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ...