АҚШ-та вакцина салдыратын арнайы автобустар жүре бастады

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының тұрғындары енді коронавирусқа қарсы вакцинаны арнайы автобустарда салдыра алады.

Мұндай қоғамдық көліктер алдымен қаланың Бруклин ауданында ұйымдастырылды. Мобильді орында бір мезетте 6 адамға вакцина салынады. Жоба Johnson & Johnson компаниясының вакцинасымен күн сайын 200 тұрғынды егу үшін қолға алынған.

Джованни Мартинес, шараны ұйымдастырушы:

– Екі автобус шығарып отырмыз. Бірі вакциналауға арналған, екіншісі екпе салдырғандарды бақылау орыны іспеттес. Онда вакцина салдырған азаматтар 15 минуттан жарты сағатқа дейін демалып, дәрігер назарында болады.