АҚШ-тың оңтүстік-шығысында болған атыс: бес адам көз жұмды

Оңтүстік Каролина штатындағы Рок-Хилл қаласында болған атыстан бес адам көз жұмды, оның ішінде екі бала бар.

Бұл туралы Fox 13 телеарнасы хабарлайды.

Құқық қорғау органдары атыс болғандығы туралы қоңыраудан соң оқиға орнына аттанған. Тұрғын үйден оққа ұшқан бес адамның денесі анықталды. Егде жастағы ерлі-зайыпты мен олардың немерелері және сол үйде қызмет еткен ер адамды белгісіз біреу атып кеткен.

Кейіннен белгілі болғандай, күдікті оқиға орнына жақын маңдағы өз үйінде ұсталған. Әзірге өзге мәліметтер белгісіз.

Бұған дейін АҚШ-та бір үйдің алты мүшесі оққа ұшқанын жазғанбыз.