Латвияда алғаш рет қаракүзендердің коронавирусты жұқтыру дерегі тіркелді

Латвияда алғаш рет қаракүзендердің коронавирусты жұқтыру дерегі тіркелді

Елдің орталығындағы Иецавск өлкесіндегі ірі ферманың бірінде 9 күзен өлген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұқпалы вирус осы өліктерден анықталды. Артынша COVID-19-ды осы шаруашылықта жұмыс істеп жүрген бірнеше жұмысшы да жұқтырды. Мамандар «фермадағы қаракүзендерге коронавирус осы қызметкерлерден тараса керек» деп болжап отыр. Бірақ шаруашылықтағы жануарлардың жаппай ауруы әлі байқала қоймаған. Жергілікті билік індеттің таралуын болдырмас үшін түрлі шаралар қабылданып жатқанын айтады.