Египетте пойыз рельстен шығып кетті: зардап шеккендер бар

Египетте пойыз рельстен шығып кетті: зардап шеккендер бар

Египеттің солтүстігіндегі Шаркия провинциясында пойыз рельстен шығып кетіп, 15 адам жарақат алды.

Пойыз эз-Заказик қаласынан Египеттің астанасы Каирге бара жатқан, Минья эль-Камх қаласындағы станция маңында рельстен шығып кеткен.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, апат салдарынан адам шығыны болған жоқ.