Грекия 32 елдің азаматы үшін міндетті карантинді алып тастайды

Грекия 32 елдің азаматы үшін міндетті карантинді алып тастайды

Грекия 32 елден келетін саяхатшылар үшін міндетті карантинді алып тастады.

Бірақ туристер вакцина алған болуы керек. Сондай-ақ коронавирустың жұқтырмағанын айғақтайтын тест нәтижесін көрсетуі тиіс.

Бұл туралы британиялық The Guardian басылымы хабарлады.

Жеңілдету шаралары Еуропалық Одақ, АҚШ, Ұлыбритания, Израиль және Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтарына қатысты қолданылады. Жаңа ережелер 19 сәуірде күшіне енеді деген жоспар бар.  

Джианнис Чаликиас, мейрамхананың бас менеджері:

- Біздің мейрамханалардің есігі туристер үшін ашық. Бірақ ең алдымен қона үйлердің жұмысын жолға қою керек сияқты. Себебі шетелдіктер бірінші кезекте тоқтайтын жер іздейді ғой.

Біріккен Араб Әмірліктері де Шарджа қаласына келуші туристерге арналған ережелерді жеңілдетті. Мұнда да коронавирус сынамасының теріс нәтижесі туралы анықтама талап етіледі. Тек тестті Әмірлік аумағына келгенге дейін 3 күн бұрын тапсырып, рейске тіркелу кезінде көрсетілуі керек. Бірақ Шарджаға келген Біріккен Араб Әмірліктерінің ересек азаматтары мен жасы 12-ге толмаған балалар ПТР-тестілеуден босатылады.