Таллин билігі бақалардың көшуі үшін жолдарды жапты

Таллин билігі бақалардың көшуі үшін жолдарды жапты

Эстония астанасы Таллинде бақалар көшіп жатыр.

Қосмекенділер қыс бойы мекендеген жерінен көктемде көбею үшін тоғандарға қоныс аударады. Олар әсіресе түнде белсенді қозғалады. Бақалардың жолдан қауіпсіз өтуі үшін Эстонияның Көлік әкімшілігі кешкі 9-дан таңғы 6-ға дейін 2 апта мерзімге жолдарды жабу туралы шешім қабылдаған. Жол бойына белгілер қойылып, бұл іске жануарларды жақсы көретін еріктілер білек сыбана кірісті. Бақалар қыста ұзақ жатып қалғандықтан қозғалуға ебедейсіз болып, жүрісінен жаңылады. Осындайда еріктілер түнде көмекке келеді.

Кристел Саарм, ерікті:

- Бір мезетте жолдан 300 бақаға дейін өте алады. Өзі тоңғақ әрең жүрген қосмекенділер жылы асфальтқа жеткенде баяулап қалады. Осы уақытта келе жатқан көлік бақаларды байқамай немесе әдейі мән бермей таптап, мыжып өте шығуы мүмкін.