Аргентинада ата-аналар мен оқушылар шеруге шықты

Ата-аналар мен оқушылар мемлекет басшысының індетке байланысты мектептегі сабақты онлайн оқуға ауыстыру туралы шешіміне қарсы.

Карантин 2 аптаға енгізілген. Бұдан басқа кешкі 7-де мейрамханалар жабылып, ал 8-ден кейін тұрғындардың жүріс-тұрысына шектеу қойылмақ. Сабақты 1 жыл бойы үйде оқыған оқушылар мектепке жарты ай бұрын ғана оралған еді. 

Селесте Гуикс, ата-ана:

- Біз клубқа, алаңға еш кедергісіз бара аламыз, бірақ балаларымыз сабақты мектепте оқи алмайды. Бұл дұрыс емес. Мектепті қажет жағдайда ең соңынан жауып, ең бірінші ашу керек. Бұл ұят нәрсе.