БАӘ-де жылжымалы жанармай бекеті пайда болды

Біріккен Араб Әмірліктерінде әлемдегі алғашқы жылжымалы жанармай құю станциясы пайда болды.

Оны смартфондағы мобильді қосымша арқылы шақыртуға болады. Аталған қосымша бензин деңгейінің төмендігі туралы да ескерту жасайды.

Жүргізушілерге енді жанармай бекетіне барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ.