Египетте жолаушы пойызының апатынан он бір адам қаза тапты

Египетте жолаушы пойызының апатынан он бір адам қаза тапты

Египет астанасы Каирдің солтүстігінде жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты. Тағы 98 кісі жарақат алған.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, 4 вагон шойын жолдан шығып кеткен. Апат орнына 60-қа жуық жедел жәрдем көлігі келген. Қайғылы оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Рейтер агенттігі «бұл Египет тарихындағы соңғы онжылдықта болған ең ірі апат» деп бағалады.

Мухаммед Абдирахман, куәгер:

- Осы теміржолға қарап, үйдің алдында отырған едік, бір кезде күтпеген жерден пойыз аударылып түсті. Айналаны көк түтін басып қалды. Біз адамдарды шығаруға көмектестік.