Колумбияда шахтадан 11 адамның денесі шығарылды

Колумбияда шахтадан 11 адамның денесі шығарылды
Twitter

Құтқарушылар құлаған алтын шахтасының астынан 11 кеншінің денесін алып шықты, деп хабарлады Ұлттық тау-кен агенттігінің басшысы Хуан Мигель Дуран.

«Колумбияның ұлттық тау-кен агенттігінің құтқарушылар тобына, жергілікті билік пен қызметкерлерге 24 күн бойы шахта астында қалған 11 жас жігіттің мүрделерін алып шығуға көмектескені үшін алғыс айтамыз», – деп жазды Дуран 19 сәуірде Twitter-де.

Калдас департаментінің Неира муниципалитетіндегі шахта 27 наурызда опырылған. Содан кейін кем дегенде 15 кенші үйінді астында қалды деп хабарланды. Төтенше жағдайға лай көшкіні себеп.