Сингапурда коронавирусты дем арқылы анықтайтын тест жүйесі қолданылады

Сингапурда коронавирусты дем арқылы анықтайтын тест жүйесі қолданылады

Сингапур билігі әуежайда коронавирусты дем арқылы анықтайтын тест үшін жаңа аппараттар орнатуды жоспарлауда.

Сондай-ақ оларды ауқымды іс-шаралар кезінде қолданбақ. Бұл туралы The Straits Times хабарлады.

TracieX құрылғысы клиникалық зерттеулер кезінде нәтижелердің дәлдігін 95% деңгейінде көрсетті, оны ПТР тесттердің тиімділігімен салыстыруға болады. Сонымен бірге, әр тесттің құны шамамен 20 долларды құрайды, бұл қолданыстағы аналогтардан арзан және нәтижені екі минут ішінде алуға болады.