Индонезияда сүңгуір қайықта болған 53 адам іздестіріліп жатыр
Индонезияның Әскери-теңіз күштері сәрсенбіден бері байланысқа шықпаған сүңгуір қайықтағы 53 адамды іздеуге кірісті.
Бұл туралы Reuters хабарлады.
Агенттіктің хабарлауынша, Германияда 1981 жылы шығарылған KRI Nanggala 402 аппараты Бали аралының маңында оқу-жаттығуларын өткізуге шыққан.
Индонезия билігі Австралия мен Сингапурдан іздеу операциясын жүргізуге көмек сұрап отыр.